Сионистік режимнің қылмысынан кейін Иранда аза тұту күні жарияланды
(last modified Wed, 18 Oct 2023 12:37:35 GMT )
Қаз 18, 2023 18:37 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қылмысынан кейін Иранда аза тұту күні жарияланды

Иран үкіметі сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылын айыптап, сәрсенбі күнін бүкіл елде аза тұту күні деп жариялады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран үкіметі өз мәлімдемесінде әлемдік қауымдастық пен түрлі елдер, соның ішінде ислам елдерінің басшыларынан осы шабуылды адамзатқа қарсы соғыс қылмысы әрі геноцид ретінде айыптап, сионистік режиммен байланыстарын үзіп, осы режимнің елшілерін елдерінен шығарып жіберуді сұрады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары да ашық жиналыс басталмас бұрын "Израильге өлім!", "Израиль жойылады, Палестина жеңеді" деген ұрандар айтып, сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф ашық жиналыста: "Сионистер бүкіл мұсылмандардың ашу-ызасын тудырып, өз қолдарымен тозақтың есіктерін ашып жатыр. Мұндай шеті-шегі жоқ жауыздық оларды түп-тамырымен жояды",-деді.