Қаз 24, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Раиси: АҚШ Қауіпсіздік кеңесінде қарар қабылдау арқылы сионистік режимге қолдау көрсетудегі сәтсіздіктің орнын толтыруға  тырысуда

Иран Президенті бүгін Американың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қарар қабылдау арқылы сионистік режимді қолдау және оның нәсілшіл мүдделерін қамтамасыз етуді жалғастыруға тырысатынын айтып: «Дүниежүзінің халықтары мен еркін адамдары Ресей өзінің Қауіпсіздік Кеңесіндегі, сондай-ақ халықаралық аренадағы орны мен ықпалын ескере отырып, Американың ниетінің жүзеге асуына кедергі болады деп үміттенеді",- деді.

 

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Кавказ ынтымақтастығы тобының отырысына қатысу үшін Теһранға келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Ресей Сыртқы істер министрінің «Тіпті аймақтық кездесуде де Газадағы қазіргі оқиғаларға және қорғансыз адамдардың құқықтарының бұзылуына бей-жай қарауға болмайды» деген мәлімдемесіне  қатысты: "Газада болып жатқан оқиға – Америка мен басқа да Батыс елдерінің тікелей және ресми қолдауымен жасалып жатқан қорғансыз және жазықсыз әйелдер мен балаларға қарсы жан түршігерлік қылмыс",- деп баса айтты.

Осы отырыста Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Иранмен экономикалық, сауда, көлік, мәдени және энергетика салаларындағы барлық келісімдерінің орындалуын және ынтымақтастығын ұстанатынына тоқталып: «Теһрандағы 3+3 отырысына қатысу Ресейдің Иранмен аймақтық ынтымақтастығының бір көрінісі",- деді.

 

Тегтер