Иран Президенті: Бүгінгі сионистердің қылмыстары Батыс нәсілшілдігінің жалаңаш жүзі
(last modified Thu, 26 Oct 2023 11:17:20 GMT )
Қаз 26, 2023 17:17 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Бүгінгі сионистердің қылмыстары Батыс нәсілшілдігінің жалаңаш жүзі

ИИР Президенті Батыс елдерінің қазіргі әлем тарихындағы үстемшіл әрекеттерін еске салып, сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстары мен Батыс елдерінің осы қылмыстарға қолдау көрсетуін Батыс нәсілшілдігінің және отаршылдықтың жалаңаш жүзі деп санады.

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси кеше сәрсенбі күні Теһранда Нигер Сыртқы істер министрі Бакара Йау Сангаремен   кездесуінде бұл елдің халқының тәуелсіздікке ұмтылуы және еуропалық гегемониялық саясатқа қарсы тұруы Африканың отаршылдықтан нақты көшіп келе жатқанын көрсететініне тоқталып: «Күш пен мақсатқа жету жолында тұру және бірлік пен ынтымақты сақтау – тәуелсіздік пен еркіндікке жетудегі табыстың кепілі»,- деді.

Нигер Сыртқы істер министрі Бакара Йау Сангаре ИИР-ның ілгерілеуін көргеніне ризалығын білдіріп, Иранға сапарының мақсаты екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту және Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастық деңгейін арттыру екенін мәлімдеді.