Раиси: Қарсыласу күштері Газада сионистердің шабуылдарын тойтаруда ұлы ерлік жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i73370-Раиси_Қарсыласу_күштері_Газада_сионистердің_шабуылдарын_тойтаруда_ұлы_ерлік_жасады
Иран Президенті барша мұсылмандар мен азаттық сүйгіш адамдардың Палестина халқын қолдайтынын айтып: "Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитын өктізуге талпыну – сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату жолындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл талпыныстар нәтиже бергенге дейін жалғаса беруі тиіс",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 30, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Қарсыласу күштері Газада сионистердің шабуылдарын тойтаруда ұлы ерлік жасады

Иран Президенті барша мұсылмандар мен азаттық сүйгіш адамдардың Палестина халқын қолдайтынын айтып: "Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитын өктізуге талпыну – сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату жолындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл талпыныстар нәтиже бергенге дейін жалғаса беруі тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран үкіметінің жексенбі күнгі жиналысында Ибрахим Раиси Газа секторында тұратын палестиналықтар жапа шегіп жатса да, сионистік режимнің қылмыстарына табанды түрде қарсы тұрып келе жатқанын айтып, қарсыласу күштерінің Газада сионистердің шабуылдарға тойтарысын ұлы ерлік деп атап: "Өткен бірнеше аптада сионистік режим екінші ірі жеңіліске ұшырады. Бұл алғашқы жеңілістен де ауырырақ болды",-деді.