Қар 01, 2023 20:05 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистік режимнің Джебалияға шабуылы осы режимнің тағы бір қылмысы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Газа секторындағы Джебалия лагеріне жасаған аяусыз шабуылын айыптап, бұл әрекет сионистік режимнің соғыс қылмыстарының ұзын тізіміне тағы бір дақ қосты деп мәлімдеді.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Насер Канани халықаралық қауымдастықтан, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінен нәсілшіл сионистік режимнің өлтіру машинасын тоқтатудағы халықаралық жауапкершілігін дереу орындауды сұрады.

Сейсенбі күні Израиль әскери ұшақтары Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джебалия лагерін бомбалады. Бұл шабуылдар нәтижесінде кемінде 50 адам шәһид болып, ондаған жаралы ауруханаға жеткізілді.

 

Тегтер