Раиси: Ешбір елдің Иранға шабуыл жасауға батылы жетпейді
(last modified Fri, 17 Nov 2023 10:51:54 GMT )
Қар 17, 2023 16:51 Asia/Almaty
  • Раиси: Ешбір елдің Иранға шабуыл жасауға батылы жетпейді

Иран Президенті: "Иран әскери өнеркәсіпте өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Ешбір елдің Иранға басып кіру туралы ойлауға батылы жетпейді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Чаһармаһал мен Бахтияри облысының орталығы Шәһркүрд қаласының тұрғындарымен кездесуінде исламдық Иранның күш-қуатының халықтың қолдауы және әрдайым саяси сахнада болуының нәтижесі деп атап: "Халықтың қолдау мен белсене қатысуы биліктегі жауапты тұлғаларға күш беріп, ИИР үкіметіне тұтықпай ашық позиция білдіріп, нақты сөз сөйлеуіне себеп болып отыр",-деді.

Раиси сондай-ақ сионистік режимнің Палестина халқына жасап жатқан зұлымдықтарына өкініш білдіріп: "Бұл күндері Иран халқы, ислам үмбеті мен  адамзат қоғамы Палестина халқына алаңдап отыр. Бүкіл адамзат баласы үстемшіл жүйеге, америкалықтарға, сионистік режим мен оның Батыс пен Еуропадағы қолдаушыларына жиіркеніш білдірді",-деді.