Теһран жұма намазының құтпагері: Сионистік режим – әлемде дағдарыс тудыратын факторлардың бірі
Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына тоқталып: "Құдсты басып алған режим – Батыс Азия аймағы мен халықаралық қауымдастықта ең маңызды дағдарыс тудыратын факторлардың бірі",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері Абуторабифард Палестинаны исламның бір бөлшегі, Газаны Палестинаның бір бөлшегі деп атап: "Бала өлтіргіш сионистік режимнің қалыптасуы және сақталып қалуы АҚШ-тың саяси-экономикалық және әскери тұрғыдан толық қолдауына тікелей байланысты болды",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "Сионистік режим 75 жылдан бері мұсылмандар мен христиандарды қырып-жою арқылы Палестина жерін басып алды. Батыс алпауыттары мен АҚШ-тың қолдауымен осы күнге дейін өзінің ұятсыз, сұрқия да өрмекші өмірін жалғастырып келеді",-деді.
Абуторабифард сондай-ақ 2024 жылы наурыз айында Иран Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлау өтетініне тоқталып: "Сайлауда ауқымды саяси белсенділік үкімет пен халық арасындағы байланысты нығайтуда, билікті ауыстыруда шешуші рөл атқара алады. Бұл – халықтың ерік-жігері мен билігін білдіретін ең маңызды құрал",-деді.