Теһран шерушілері Газа қоршауы жойылып, өткелдердің ашылуы керегін баса айтты
Теһран шеруіне қатысушылардың Газа халқын қолдауға бағытталған қорытынды қарарында Газа қоршауын жойып, өткелдерді ашу керегі баса айтылды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исламдық үгіт-насихатты үйлестіру кеңесі Теһран шеруінің қорытынды қарарының бір бөлігінде Газа халқына қолдау білдіріп: "Газа – халықтар мен үкіметтерді сынау сахнасы, 21 ғасырда адамзат баласының адамгершілік принциптері мен ақлақтық ережелерге беріктігін тексеретін сынақ, Батыстың жалған мектептерінің тиімсіздігіне дәлел және жабайы Батыстың зұлым бейнесін көрсету",-деді.
Осы қарарда былай делінген: "Бірінші кезекте атқарылатын шара – Газа халқын қырып-жоюды тоқтату және бейбіт тұрғындарға, соның ішінде ауруханалар, мектептер, лагерьлер мен жедел жәрдем орталықтарына шабуылдардың алдын алу. Халықаралық қауымдастық АҚШ пен сионистік режимді адамдарды қыру машинасын мәңгіге тоқтатып, атысты тоқтату бітімін қабылдауға көндіру үшін барлық құралдарды іске қосуы керек".
Бұл қарарда: "Газа қоршауы тез арада жойылып, Рафах өткелі мен Газаға жол ашатын басқа да өткелдерді ешбір шартсыз жедел түрде ашу керек",-делінген.
Сондай-ақ қарарда науқастар мен жаралыларды құтқару үшін тез арада Газаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек және гуманитарлық көмектер жеткізу керегі баса айтылды.