Ислам революциясының жетекшісі спортшылармен кездесуінде: Иран күшті, спорт күшті
(last modified Wed, 22 Nov 2023 12:48:56 GMT )
Қар 22, 2023 18:48 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі спортшылармен кездесуінде: Иран күшті, спорт күшті

Ислам революциясының жетекшісі: «Сионистік режим "әл-Ақса дауылы" оқиғасында техникалық соққыға ұшырады және барлық қылмыстарымен бұл ауыр жеңілістің орнын толтыра алмады және келешекте де өте алмайды.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Ханчжоудағы Азия және Паразиада ойындарының жүлдегерлері және басқа да қаһармандары, спортшылар, және спорт белсенділерімен жылы жүздесуде Газадағы соңғы оқиғалардың қысқаша мазмұнын спорттық интерпретация түрінде айтып: "Сионистік режим "әл-Ақса дауылы" оқиғасында техникалық соққыға ұшырады және ХАМАС көптеген нысандары бар мемлекет және ел ретінде емес, күресші тоб ретінде бүкіл мүмкіндікке ие басып алушы сионистік режимге техникалық соққы бере алды",- деді. Аятолла Хаменеи сионистердің қысымнан шыға алмайтындығына және бұл сәтсіздіктің масқаралығына тоқталып: "Олар шығындарын өтеу үшін олар Газадағы ауруханалар мен мектептерді нысанаға алуда. Бірақ бұл алаңда сәтсіздікке ұшырап, қарсылас команданың жанкүйерлеріне шабуыл жасап, есесін қайтару үшін оларды балағаттап, ұрып-соғатын спортшының әрекетіне ұқсайды",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің ауыр шығынының бұл қылмыстармен өтелмейтініне назар аудартып: «Олар білсін, бұл қатыгездік пен опасыздық жауапсыз қалмайды және бомбалаулар басып алушы режимнің өмірін қысқартады",- деп баса айтты. Ол ирандық спортшылардың сионистік режим өкілдерімен бәсекелесуден бас тартуына тоқталып: «Бүгінде бүкіл әлем ирандық спортшылардың мұндай әрекетке бару себебін түсінді, өйткені ол адамдар лаңкестік және қылмыстық режим үшін ойнайды",- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сөзінің басқа бір бөлігінде үстемшіл күштердің бақылауындағы халықаралық спорт орталықтарының қайраткерлерін қатаң сынға алып: "Соғысты сылтауратып саяси әрекет жасап, бір елді барлық спорт алаңдарына  қатысу құқығынан айырып отырғандар, қазір шәһид болған 5 мыңдай палестиналық баланы елеусіз қалдыруда. Олар саясат спортқа араласпайды деген сылтаумен сионистік режимді геноцид пен соғыс қылмыстары үшін айыптамайды және спорт алаңдарына қатысу құқығынан айырмайды",- деп сөзін жалғастырды. Ислам революциясының жетекшісі кездесудің басында бірқатар жасөспірімдер мен жастардың көне спортының әдемі түрін жоғары бағалап: «Жылдар бұрын спорт басшыларына айтылғандай, көне спорттың халықаралық спорт түріне айналуға мүмкіндігі бар және осы бағытта күш салу керек",- деді.