Иранның Денсаулық сақтау министрі: Халықаралық мекемелер сионистердің қылмыстарына немқұрайлылық танытты
(last modified Sat, 25 Nov 2023 12:29:33 GMT )
Қар 25, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық сақтау министрі: Халықаралық мекемелер сионистердің қылмыстарына немқұрайлылық танытты

Иранның Денсаулық сақтау министрі сионистік режимнің Газа секторындағы зардап шеккен  палестиналықтарға, әсіресе балаларға қызмет көрсетуден бас тарту қылмыстарын айыптап: «Халықаралық ұйымдар басып алынған аумақтардағы тарихтағы ең ауыр қылмыстар үшін үнсіз қалды",- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ейнуллаһи кеше жұма күні Денсаулық сақтау министрлігінің бір топ басшылары мен орынбасарлары қатысқан талапшыл студенттермен кездесуінде: «Әлемдегі ең кішкентай оқиғалар немесе мәлімдемелер үшін мәлімдеме жасайтын халықаралық ұйымдар Газа секторындағы тарихтағы ең ауыр қылмыстар үшін үнсіз қалды. Науқас баланы медициналық құрал-жабдықтардың астынан шығарып, өлтіру тарихы әлемнің қай жерінде болған?  АҚШ атынан сионистік режим езілген Палестина халқына қарсы ең сұмдық қылмыстар мен соғыстар жасауда. Американың шынайы болмысы әлемнің қоғамдық пікіріне белгілі болды",- деп мәлімдеді.

.