Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-тың қоқан-лоққылары Иранды осы елдің талаптары мен ашкөздіктері алдында мойынсұндыра алмайды",- деп мәлімдеді.
Аятолла Мохаммад Әли Моваххеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазы құтпаларында АҚШ-тың ресми қайраткерлерін Иранға қоқан-лоққы көрсету мен аймақтағы басқа елдердің ішкі істеріне араласуынан бас тартуға шақырып: "Қоқан-лоққы көрсетуді жалғастыру ИИР-ның қатаң реакциясына себепкер болмақ", - деді.
Аятолла Моваххеди Кермани АҚШ-тың Иранның 2 млрд долларын тәркілеуін бір ұлттың байлығын әшкере түрде тонаушылық деп атап: "Бұл әрекет басқа елдердің АҚШ-қа деген сенімінен айрылуына себепкер болып, олар бұдан бұлай өз активтерін сақтауды АҚШ-қа сеніп тапсырмайтындай күйге жетеді", - деді.
Содай-ақ, Теһран жұма намазының құтпагері кейбір араб және батыс елдерінің, соның ішінде Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың, ДАИШ секілді лаңкестік топтарды қару-жарақ және қаржылай қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуін баса айтып: "Аталмыш топтар осы аймақтағы Сирия, Ирак және Йемен халқының көзін жою арқылы үстемшілердің жоспарларын іске асыру үшін жалданған", - деді.
Аятолла Моваххеди Кермани исламнан үркіту мен Ираннан үркіту үдерістерін АҚШ пен Израильдің негізгі әрі маңызды бағдарламалары деп атап: "Осы мақсатына жету үшін АҚШ Сауд Арабиясы және өзінің басқа да араб және батыстық одақтастарын пайдаланады",- деді.