Иран Сыртқы істер министрі: Халықаралық қылмыстық сот халықаралық қылмыс жасағандардың жазасыз қалуына жол бермеуі керек
(last modified Wed, 29 Nov 2023 10:51:00 GMT )
Қар 29, 2023 16:51 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Халықаралық қылмыстық сот халықаралық қылмыс жасағандардың жазасыз қалуына жол бермеуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Халықаралық қылмыстық соттан сионистік билікті жазасыз қалдырмауды сұрады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Халықаралық қылмыстық соттың басшысы мен прокурорына хат жолдап, соттың Палестина ісін қарауды және Газа секторындағы соңғы қылмыстарды соттауды жеделдетуді қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі 14 мыңнан астам жазықсыз адамның шәһид болуына және 32 мыңнан астам адамның жарақат алуына себеп болған сионистік режимнің Газа секторын айуандықпен бомбалауы мен құрлықтан шабуыл жасауына сілтеме жасап, оларды  әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар және геноцид сияқты ауыр халықаралық қылмыстардың мысалдары ретінде  атады. Амирабдуллахиан Халықаралық қылмыстық соттың  жазасыз қалдыруды тоқтату үшін осы қылмыстарды жасағандарды қудалау міндеттерін орындаудағы заңды міндеттемесін ерекше атап өтті.

 

Тегтер