Теһран жұма намазының имамы қарсыласу желісінің Палестина халқымен болуына ризалығын білдірді
(last modified Fri, 01 Dec 2023 14:00:03 GMT )
Жел 01, 2023 20:00 Asia/Almaty
  •  Теһран жұма намазының имамы қарсыласу желісінің Палестина халқымен болуына ризалығын білдірді

Теһран жұма намазының имамы Қарсыласу желісінің Газадағы соғыста Палестина халқымен бірге болуы әлемді таң қалдырғанына тоқталды.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Хадж Али Акбари: «Газа соғысында біз Йемен қаһармандарының, Ливанның Хизболласы мен Ирактың Хашд аш-Шааби күштерінің,  Сирия мен Иранның қарсыласу желісінің палестиналықтармен бірге болып, жұртты таң қалдырды.
Газадағы соңғы оқиғаларда америкалықтар мен сионистердің шектен тыс арсыздықтарымен қатар, кейбір мұсылман елдері билігінің сионистік режиммен тіпті байланысын үзгісі келмейтіні әшкереленді",- деді.  Теһран жұма намазының имамы кейбір халықаралық ұйымдардың әрекетсіздігін сынап: "Бұл соғыста  әлемге сионистік режимнің күш-қуаты сыздығы мен ішкі әлсіздігі дәлелденді",- деп сөзін жалғады.  Мұхаммад Джавад Хадж Али Акбари Басидж ойларының шекарадан тыс екеніне және тек Иранмен ғана шектелмейтінін айтып, Палестинада бүгінгі қарсыласу Басиждің ойларының нәтижесі екенін еске салды.