Жел 03, 2023 15:59 Asia/Almaty
  • Бүкіл күштер бас қолбасшысының кеңесшісі: Парсы шығанағы маңындағы халықтар өз елдерінде сионистердің болуына төзбейді

Бүкіл күштер бас қолбасшысының кеңесшісі: "Аймақ халықтары өз үкіметтеріннің сионистік режиммен ашық та жасырын байланыстарына керісінше сионистердің Парсы шығанағы маңындағы елдерде болуын қаламайды",-деді.

Генерал-майор сейіт Яхия Рахим Сефеви Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ-тың қолдауымен сионистердің Парсы шығанағы маңындағы елдерде болу мәселесі осы аймақта америкалықтардың құзыры азайғаннан кейін жеңіліс тапты",-деді.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысының кеңесшісі: "Сионистік режим бір кездері "Нілден Ефратқа дейін" деп ұрандатқан, бірақ қазір түбегейлі түйткілдерге ұшырап отыр",-деді.

Сардар Рахим Сефеви әлемнің көпқырлылық пен көпдауыстылыққа қарай қозғалып бара жатқанын айтып: "Күштердің тепе-теңдігі Батыстан Шығысқа қарай ойысуда. Бұған Шығыс елдеріндегі мәдениет, экономика, идеология, технология және қуатты көшбасшылардың пайда болуы негіз болып отыр",-деді.  

Сардар Рахим Сефевидің айтуынша, жаңа күштер тепе-теңдігінде Ресей, Қытай, Үндістан және Ираннан тұратын жекелеген азиялық державалар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қалыбында жаңа билік полюсіне айналады.  

Тегтер