Революцияның мәртебелі жетекшісінің Теһранның діни білім ордасының шәкірттерін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Sat, 14 May 2016 14:30:43 GMT )
Maм 14, 2016 20:30 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің Теһранның діни білім ордасының шәкірттерін қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі пікірлік және діни жол нұсқау, саяси жол нұсқау мен көрегенділікті арттыру және жол нұсқау мен әлеуметтік қызмет саласына қатысуды діни қайраткерлердің басты үш міндеті деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні Теһранның діни білім ордасының төрағаларын, оқытушылары мен шәкірттерін қабылдауында: «Шәкірттер біліктілік пен білімге қол жеткізу арқылы бүгінгі әрқилы әлемде қоғамдағы шешуші міндеттерін атқару үшін дайындалуы керек» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі шәкірттергее шәкірттіктің құндылықтары мен жауапкершіліктерінің қадірін білу жөнінде кеңес беріп: «Егер қоғамда қажетті барлық мамандықтар ең үздік түрде бар болса, бірақ қоғам діндар болмаса, сол ұлт оосы дүние мен ақиретте зиянкестік пен шынайы қиыншылықтарға душар болады. Осы ұлы жауапкершілік, яғни қоғамды діндар қоғамға айналдыру ғұламалар мен діни қайраткерлердің және шәкірттердің міндеті» деді.

Ол рухани ақиқаттарды түсінбейтін, қатып қалған ескішіл, әсірешіл исламды азғын пікірлердің шын көрінісі деп атап: «Осы қайшының екінші ұшында бірнеше мектепен құралған ислам мен америкалық ислам нағыз исламмен қарсыласуда» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи кітап пен дәстүрге иек артқан нағыз исламды парасаттылық, ал исламдық оймен ұғуды діни қайраткерлердің маңызды міндеті деп атап көрсетіп: «Пайғамбарлардың жолы осы асыл ойды тарату болып табылады. Діни қайраткерлер де бақытқа бөлендіретін дәл осы жолдың, яғни халыққа діни жетекшілік етудің жалғастырушысы» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халыққа іс жүзінде жол нұсқауды олардың идеологиялық жетекшілігін толықтырушы деп қуаттап: «Ең үздік тәсілдер арқылы халықты құлшылық етуге және діндарлыққа, соның ішінде шыншылдық, аманатшылдық, тақуалық пен жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйып, тіршіліктің түзу тәсіліне нұсқаңдар» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи саяси жол нұсқауды ғұламалар мен діни қайраткерлердің келесі маңызды міндеті деп атап, діни білім ордаларының төңкерісшіл болуын қайта-қайта қуаттаудың себебін қоғамның түзу және революциялық әрекетінің жалғасуы діни қайраткерлердің қатысуынсыз мүмкін еместігіне байланысты болғандықтан деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі діни білім ордасының шәкірттеріна сабақтарын жақсы оқып, нәпсілерін тазартуға кеңес беріп: «Ешбір мамандық орнын баса алмайтын діни қайраткерлік жауапкершілігін атқару үшін барынша талпыныс жасаңдар, бірақ бұл іс мансап пен атаққа жету дегенді білдірмеуі керек» деді.