Амирабдуллахианның Зиад Нахалемен сұхбатының басты мәселесі - Палестинадағы соңғы оқиғалар  
(last modified Sat, 09 Dec 2023 12:11:09 GMT )
Жел 09, 2023 18:11 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахианның Зиад Нахалемен сұхбатының басты мәселесі - Палестинадағы соңғы оқиғалар  

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан мен Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахале жұма күні кешке телефон арқылы сөйлесу барысында Палестинадағы соңғы өзгерістерді талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан осы телефон сұхбатында Зиад Нахалеге Араб, Ислам және ИИР-ның Палестина халқын қолдауға бағытталған соңғы дипломатиялық қадамдары, соның ішінде Иран   Президенті мен Ресей Президенті арасындағы Мәскеудегі келіссөздер туралы хабардар етті. Амирабдуллахиан сондай-ақ сионистік режимнің соғыс қылмыстарын тоқтату үшін халықаралық қауымдастық пен жауапты халықаралық институттардың дереу әрі тиімді әрекет етуі қажеттігін қуаттады.

Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы да исламдық-арабтық талпыныстар мен ИИР-ның қозғалыстарына алғыс айтып, осы саладағы соңғы өзгерістер мен палестиналық қарсыласу топтарының сионистік режимнің айуандық шабуылдарына қарсы тұруға және Газа халқын қорғауға толық дайындығы туралы баяндама жасады.