"Каррар" ұшқышсыз ұшақтары Иран армиясына тапсырылды
https://itolqyn.com/news/iran-i74354-Каррар_ұшқышсыз_ұшақтары_Иран_армиясына_тапсырылды
"Маджид" әуеден әуеге атылатын зымыранмен жабдықталған ондаған "Каррар" ұшқышсыз ұшағы Иран армиясының әуе-қорғаныс күштеріне тапсырылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 10, 2023 20:21 Asia/Almaty

"Маджид" әуеден әуеге атылатын зымыранмен жабдықталған ондаған "Каррар" ұшқышсыз ұшағы Иран армиясының әуе-қорғаныс күштеріне тапсырылды.

"Каррар" ұшқышсыз ұшағы – Иран Қорғаныс министрлігінің авиация ұйымы мен ел армиясының әуе-қорғаныс күштерінің мамандарының әріптестігінің нәтижесі.

"Каррар" ұшқышсыз ұшағының арқасында кез келген географиялық жағдайдағы әуе-қорғаныс амалдарының басым бөлігі әуе базаларына сүйенбей-ақ азырақ қатермен орындалатын болады.