Шәһидтер – Иран халқының болмысы. Ұлттық болмыс ұмытылмауы тиіс.
(last modified Thu, 14 Dec 2023 13:44:51 GMT )
Жел 14, 2023 19:44 Asia/Almaty
  • Шәһидтер – Иран халқының болмысы. Ұлттық болмыс ұмытылмауы тиіс.

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі, 6 желтоқсанда өткен Шығыс Әзірбайжан облысының 10 мың шәһидін еске алу конгресінің орталық штабының мүшелерімен кездесуінде: "Шәһидтер – Иран халқының болмысы. Халық өз ұлттық болмысын ұмытпауы тиіс",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осы кездесуде Шығыс Әзірбайжанды жанпидашылар мен шәһидтердің бесігі деп атап: "Шәһидтердің қайнаған қанының басылып қалуына жол бермеу керек. Өйткені шәһидтер – Иран халқының болмысы. Халық өз ұлттық болмысын ұмытпауы тиіс",-деді.

Аятолла Хаменеи шәһидтерді еске алу тек өткен күннің естелігін айтумен шектелмеуі керегін айтып: "Шәһидтерді еске алу рәсімін өткізу және қысқа уақыт аралығында қайталау – қажетті іс. Бірақ бұл жиналыстар жас ұрпаққа шәһидтердің биік рухы мен көрнекті сипаттары, соның ішінде тақуалық, жанпидалық пен ерлікті насихаттауға жағдай жасауы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі шәһидтерді жастар үшін ең жақсы үлгі деп атап, осындай сирек кездесетін жарқын құбылыстардың Иран халқының тарихи жадында тіркелуі тиіс екенін айтып: "Фильм, өлең мен кітап сияқты өнер туындыларында шәһидтердің биік рухы жас ұрпаққа насихатталуы тиіс",-деп еске салды.

Аятолла Хаменеи шәһидтердің жанұялары мен достары да ұмытылмай, олардың естеліктері жазылып алынуы тиістігін айтып: "Шәһидтердің рухы мен қасиеттерін жас ұрпаққа насихаттауда олардың әрекет еткен саласы да айқындалуы тиіс. Жас ұрпақ исламдық қозғалыс кезіндегі және Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейінгі шәһидтердің белсенділіктері және революциядан кейінгі ерліктері мен жанпидалықтарының себептерін білуі тиіс. Осылай етілсе, олардың рухы мен қозғалысы жалғасын табады",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Әрине біз Ислам революциясы тарихындағы маңызды оқиғалардың себептері, шәһидтердің рухы мен көрнекті тұлғаларды таныстыруда аса көп іс атқара қоймадық. Сол себепті көптеген жастар олардан бейхабар. Сондықтан Ұлттық телерадио бірлестігі сияқты ресми үгіт-насихат органдары осы салада көбірек әрекет етіп, халықтың қолындағы бейресми ақпарат құралдарының әлеуеттерін де тиісінше пайдалануы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Әзірбайжанды Иранның бірегей болмысы деп атап, имам Хомейнидің (р.) көтерілісі кезінен бері осы аймақтың қаншама шәһид бергеніне тоқталып: "Әзірбайжанның жоғары құнын Қасиетті Қорғаныста шәһид болған көрнекті тұлғалар, соның ішінде  Мехди Бакери, Хамид Бакери, Әли Таджалаи және Мұртаза Яғчианнан көруге болады. Елдегі әрбір 5 шәһидтің екеуі Шығыс Әзірбайжанға тиесілі",-деді.