Теһран жұма намазының имамы: Қарсыласу қозғалысы жеңімпаз
Теһран жұма намазының имамы Ислам әлемінің мәселесін Палестина деп атап «Бүгін қарсыласу қозғалысы жеңіске жетті",- деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарсат агенттігінің мәліметінше, Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи Ислам үмбетінің Палестинаны басып алушылардың қолынан құтқаруы керектігін баса айтып: "АҚШ, Ұлыбритания мен Франция сияқты басқа батыс елдері басып алынған Палестинадағы осы қылмыстардың негізгі орындаушылары",- деп мәлімдеді.
Теһран жұма намазының имамы Батыс ағымдары үнемі өлтіруге, төңкеріске, соғыс ашуға тырысады деп: " Бүгінде Батыстың, әсіресе сионистердің ағымы басқыншылықты жалғастыруға бағытталған, бірақ олар (сионистер) бір топтың әскери ерлігіне қарсы дәрменсіз болды. Англия, Франция және Америка сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына ортақ",- деді.