Ислам революцияның жетекшісі: Сайлау - өзгерістер мен мәселелерді шешудің негізі
(last modified Sat, 23 Dec 2023 11:57:58 GMT )
Жел 23, 2023 17:57 Asia/Almaty
  • Ислам революцияның жетекшісі: Сайлау - өзгерістер мен мәселелерді шешудің негізі

Ислам революциясының  жетекшісі Иранның Хузестан және Керман облыстары халқының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде 2024 жылғы 1 наурыздағы сайлауды өте маңызды, шешуші, мәселелердің шешімі және өзгерістердің негізі деп атады.

а

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кездесуде аятолла Хаменеи Ислам республикасындағы сайлаудың принципі мен логикасының маңыздылығын түсіндіріп: "Республикашылдық та, исламшылдық та сайлауға тәуелді. Өйткені ел басқаруда республикашылдық пен халықтық егемендікті жүзеге асырудың сайлау өткізуден басқа жолы жоқ",- деді.

Аятолла Хаменеи «сайлаудың болмауын» диктатура немесе «хаос, сенімсіздік пен дүрбелең» орнатудың себебі деп атап, халықтың сайлауға қатысуына түрлі жолдармен кедергі келтіретіндерді сынай отырып: "Сайлау – халықтың ұлттық егемендігін қамтамасыз ете алатын бірден-бір дұрыс және шынайы жол",- деп айтты.

Ислам революцияның жетекшісі сөзінің тағы бір бөлігін Газаның халықаралық және исламдық мәселесіне арнап: "Бұл оқиға екі жағынан ерекше. Сионистік режим тарапынан, өйткені мұндай қылмыс, қантөгіс, сәби өлтіру, зұлымдық, қатыгездік және науқастар мен ауруханалардың басына тас жарып жіберетін бомбаларды тастау бұрын-соңды болмаған. Палестина халқы тарапынан да, жауынгерлер тарапынан да, өйткені мұндай шыдамдылық, қарсыласу және жауды ақылдан тайдыру бұрын-соңды болмаған нәрсе",- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи: "Бұл адамдарға су, тамақ, дәрі-дәрмек, отын жетпесе де, таудай болып тұр. Берілмеу оларды жеңіске жеткізеді. Өйткені Алла сабырлармен бірге. Жеңістің нышаны бүгіннен көрініп тұр",- деп баса айтты.

Ислам революцияның жетекшісі: "Сионистік режимнің құрал-жабдықтар мен құралдардың көптігіне қарамастан қабілетсіздігін осы текетірестің басқа маңызды аспектілерінің бірі",- деп атады және іргелі бір ойды білдіре отырып: "Сионистік режимнің бұл оқиғадағы сәтсіздігі  Америка Құрама Штаттарының сәтсіздігі. Бүгінде әлемде ешкім басып алушы режим мен АҚШ пен Англияның арасында айырмашылық жасамайды және олардың бір екенін бәрі біледі",- деді. Ол Қауіпсіздік кеңесінің атысты тоқтату және бомбалауды тоқтату туралы бірнеше қарарына вето қоюды Америка үкіметінің ұятсыз әрекеті және сионистік режиммен балалар, әйелдер, қариялар, науқастар және басқа да қорғансыз адамдарға бомба лақтырудағы серіктестік деп атады. Аятолла Хаменеи: "Қарсыласуға көмектесу – әркімнің міндеті, ал сионистік режимге көмектесу – қылмыс және сатқындық",- деп тоқталды.

Аятолла Хаменеи Газа халқына тіпті судың жетуіне де кедергі болып отырған сионистік режимге тауар, мұнай және жанар-жағармайдың жетуіне тосқауыл қоюды исламдық үкіметтердің міндеті деп біліп: "Бүгінде дүниенің ар-ұжданы жараланды. Америка мен Еуропадағы адамдар көшелерге шығып, кейбір саяси қайраткерлер мен олардың университет басшылары мен ғалымдары үкіметтерінің сионистік режимді қолдауына наразылық білдіруде. Бірақ бұған қарамастан, кейбір үкіметтер қатыгез режимге көмектесуді жалғастыруда",- деп мәлімдеді.

Ислам революцияның жетекшісі: "Күмәнсіз, жеңіс Оң жақ майданда болады. Басып алушы сионистік режим жойылады. Сіздер, жастар, бұл белгілі болашақты өз көздеріңізбен көресіздер деп үміттенеміз",- деп қуаттады.