Еуропаның үш ірі елі израильдік-америкалық коалицияға "жоқ" деді
(last modified Sun, 24 Dec 2023 12:05:33 GMT )
Жел 24, 2023 18:05 Asia/Almaty
  • Еуропаның үш ірі елі израильдік-америкалық коалицияға

АҚШ-тың Йеменнің Израильдге шабуылдарына төтеп беру үшін әртүрлі елдерді өз коалициясына қосуға талпынып жатқанына қарамастан, Вашингтонның үш еуропалық одақтасы бұл коалицияға теріс жауап берді.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өткен аптада Йеменге қарсы теңіз коалициясы құрылғанын жариялағанда Франция, Испания және Италия елдерін басты мүше деп атағанымен Reuters ақпарат агенттігі сенбі күні НАТО-ның осы үш мүшесінің аталмыш коалицияға қосылудан бас тартқанын хабарлады.

АҚШ Израильді Йеменнің шабуылдарынан қорғау үшін Қызыл теңізде теңіз коалициясын құрып, оны "Тыныштық сақшысы" деп атады. Бірақ кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл коалицияны "Израильдің теңіз қалқаны" деп сипаттауға болады.

Reuters ақпарат агенттігі әлем елдерінің АҚШ-тың теңіз коалициясындағы міндетіне қатысты бұлыңғырлық барын айтып: "Халықаралық теңіз компаниялары бұрыннан бетер сергелдеңге түсті. Олар шабуылдардан аман қалу үшін Қызыл теңізді айналып өтуде",-деді.

Өткен сейсенбіде АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин кеме қатынасының қауіпсіздігін кепілдендіру мақсатында Қызыл теңізде коалиция құрылғанын хабарлады. Оның айтуынша, 10 ел – АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Испания, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Сейшел аралдары мен Бахрейн аталмыш коалицияға мүше болады.

Бұл мәлімдемеден бірнеше күн өткеннен кейін Пентагон: "20-дан аса ел осы коалицияға қосылуға келісім берді",-деп мәлімдеді. Бірақ  Reuters ақпарат агенттігі осы мәлімдемеге күмән келтіріп: "Кейбір елдер коалицияға қосылатындарын растамады",-деп жазды.