Жел 25, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Әлем илаһи пайғамбарлардың тағылымдарына зәру

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) туған күніне орай жіберген құттықтау хатында: "Әлем илаһи пайғамбарлардың тағылымдарына зәру",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф христиан елдері парламенттерінің төрағаларына жолдаған хатында хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) туған күнімен құттықтады.

Қалибаф өз хатында: "Қазіргі таңда қатыгездік пен экстремизмге толы әлем басқа кезден көбірек илаһи пайғамбарлардың тағылымдарын қажет етеді",-деді.  

Қалибаф өз хатында: "Хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) туған күні – әлемде бейбітшілік пен әділеттік орнату үшін илаһи діндердің үндесіп, ынтымақтасатын күні",-деді.

Хатта: "Қазіргі таңда қатыгездік пен экстремизмге толы әлем басқа кезден көбірек илаһи пайғамбарлардың мейірім, жанашырлық пен бауырластықты сақтауға және кез келген кемсітушілік, зұлымдық пен теңсіздікді жоюға негізделген тағылымдарын қажет етеді",-делінген.  

Тегтер