Жел 27, 2023 18:53 Asia/Almaty
  • Ислам революцияның жетекшісі: Исламның әйелдер мәселесіне көзқарасы - дәлелді және логикаға сай;  батыстық көзқарас - пайда және ләззат іздеу

Ислам революциясының жетекшісі мыңдаған әйелдер мен қыздармен кездесуінде әйелдердің отбасында болуының әртүрлі өлшемдері мен олардың қоғамдағы, саясаттағы және әртүрлі деңгейдегі басқарудағы шексіз белсенділігіне қатысты Исламның қисынды және дәлелді көзқарасын түсіндірді. Ол: "Исламда екі маңызды сезімталдық, яғни отбасылық мәселелер және жыныстық құмарлықтың қауіптілігі туралы алаңдаушылық сақталса, әйелдерге де, ерлерге де кез келген қоғамдық қызметтің жолы ашық",- деді.

 
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күні таңертең хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнінің қарсаңында өткен бұл кездесуде екі дүниенің ханымның ұлылығын түсіну мүмкін емес деп біліп: "Сенімді хадисте Алла Тағаланың хазірет Фатима  (ғ.с.) ашуланса, ашуланытыны және оның қуанышына қуанатыны айтылды. Бұдан жоғары адам баласына ешқандай ізгілік елестету мүмкін емес. Сондықтан Алланың разылығын ие болғысы келген әрбір адам отбасында да, қыз, ана, жар, қоғам мен саясат саласында да  Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеттерін, тағылымдарын, бағыт-бағдарын ұстануы керек",- деп айтты. Аятолла Хаменеи әйелдің болмысын, құндылықтарын, құқықтарын, міндеттерін, бостандықтары мен шектеулерін өмірлік маңызды және өте шешуші мәселе деп атап: "Бұл өте маңызды мәселеге қатысты әлемде бір-біріне қарама-қайшы екі жалпы батыстық және исламдық көзқарас бар",- деп тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі батыстың өркениеттік және мәдени жүйесінің әйелдер мәселесін талқылаудан қашқақтауына тоқталып: «Батыстықтардың әйелдерге қатысты логикасы болмағандықтан, олар саяси және саяси емес тұлғаларды сатып алып, өнерді, әдебиетті және виртуалды кеңістікті құрал ретінде пайдаланып, әйелдерге қатысты халықаралық орталықтарға үстемдік етіп, дау-дамайлар мен қобалжулар арқылы өз көзқарастарын алға жылжытуға тырысады",- деді. Хазірет аятолла Хаменеи Батыстағы моральдық жемқорлықтың қорқынышты ресми статистикасына сілтеме жасап: «Неліктен Батыста отбасын бұзатын әрбір мәселе күннен-күнге көзге түссе, екінші жағынан орамал жамылған әйелдерге шабуыл жасағандарға қарсы ешқандай айыптау немесе ауыр шара жоқ",- деді.  Ол Исламның әйел мәселесіне қатысты көзқарасын батыстық көзқарасқа қарама-қарсы қисынды және дәлелді деп атап: «Әйел мәселесі – Исламның күшті тұстарының бірі",- деп айтты.  

Ислам революциясының жетекшісі сөзігің жалғасында ар-намыс пен адами құндылықтар мәселесінде ерлер мен әйелдердің теңдігін Исламның күшті және дәлелді логикасының құрамдас бөліктерінің бірі деп санап, былай деді: «Адамдық құндылықтар мен рухани көтерілуде, ерлер мен әйелдердің бір-бірінен еш артықшылығы жоқ және екеуінің де дарындары ұқсас және күш-жігеріне сәйкес олар рухани өрлеу деңгейінен өте алады. Рухани салаларда, Алла Құранда тіпті кейде әйелдерді еркектерден артық көреді. Перғауынның әйелі мен Мәриям сияқты әйелдерді барлық мүміндерге үлгі,  бұл ерлердің материалдық және физикалық жағдайларына байланысты артықшылығын жоққа шығару тәсілі". Ол ерлер мен әйелдердің тең рөлдерінің басқа салалар арасында қоғамда болуын және әлеуметтік жауапкершілікті атап: "Ардақты имамның пайымдауынша, елдің саясатына, негізгі тағдырына, бүгінгі Газа мәселесі сияқты мұсылмандардың істеріне араласу әйелдің құқығы әрі міндеті болса, дәстүр бойынша қоғам істерімен айналысу, оның ішінде әйелдің тұрмыс-тіршілігіне мән беру әркімнің міндеті. Сондықтан борыш пен қоғамдық жауапкершілікті сезінуде ер мен әйелдің айырмашылығы жоқ",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі отбасы міндеттерін ерлер мен әйелдердің физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі міндеттері бар санат деп: "Осыған сүйене отырып, кейбіреулер абсолютті түрде білдіретін «гендерлік теңдік» ұраны қате, ал дұрысы «гендерлік әділеттілік»,- деді.

Аятолла Хаменеи барлық нәрсені өз орнына қоюды білдіретін әділет ұғымына тоқталып, әйелдің психикалық, физикалық және эмоционалдық құрылымына сәйкес бала сүю және бала тәрбиелеу сияқты әйелдердің нақты міндеттерін атады. "Ер мен әйелдің отбасылық міндеттері әртүрлі болғанымен, Құран Кәрімде отбасылық құқықтары бірдей". Ислам революциясының жетекшісі әйелдердің әртүрлі жұмыстарда және қоғамдық және мемлекеттік басқару орындарында болуы туралы сұрақтардың бар екендігіне тоқталып, былай деп баса айтты: "Бұл салада да гендерлік мәселе емес, әйелдердің қатысуына ешқандай шектеулер жоқ".  Ол Ислам республикасы кезеңінде әйелдердің ғылым, әдебиет, спорт және өнердің әртүрлі салаларындағы ілгерілеуінің революцияға дейін он еседен астам болғанын айтты.  "Әлі күнге дейін елді шын мағынасында исламдандыра алмағанымызбен, ел шала-шарпы жатқанымен, бұл жетістіктерге жеттік, ислам діні толық жүзеге асса, бұл табыстар еселене түседі".

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында 1402 жылдың наурыз айындағы маңызды сайлауға тоқталып, әйелдердің осы саладағы рөлін қоғам мен отбасында маңызды деп атады. "Сіздің үйдегі ең маңызды рөліңіз - жұбайыңыз бен балаларыңызды сайлау және зерттеу мәселесінде белсенді болуға шақыру. Әйелдер кейбір мәселелерде, соның ішінде адамдарды, стратегияларды және ағымдарды тану мәселелерінде ерлерге қарағанда сахнаға дәлірек қарайды. Сондықтан, сіздер сайлауға түсетін кандидаттарды тану және сайлауға қатысуға ынталандыруда маңызды рөл атқара аласыз".

Тегтер