Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Сейіт Рази Моусавиды шәһид ету сионистік режимнің қауқарсыздығын көрсетеді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Сейіт Рази Моусавиды шәһид ету сионистік режимнің қауқарсыздығын көрсетеді. Біз ешқашан мұсылман үмбеті перзенттерінің шәһид болуына төзіп қарап тұрмаймыз. Сейіт Рази Моусавидың кегі сионистік режим жойылғанда алынады. Алла бұл режимді жер бетінен жойып жібереді деп үміттенеміз",-деді.
Генерал-майор Салами: "Шәһид сейіт Рази Моусави қарсыласу майданында ең көп қызмет еткен, ең тәжірибелі әрі ең ықпалды қолбасшылардың бірі болды. Ол 33 жыл бойы ең ауыр жағдайда Әһл-е бейттің кесенелерін қорғап, мұсылмандардың намысы мен бір үмбеттің қауіпсіздігін сақтады. Ең қатерлі оқиғалардың ортасында сабырлық сақтап, таудай мығым тұрды",-деді.
Генерал-майор Салами: "Қазіргі таңда қарсыласу майданы Қасымдар, сейіт Разилер, Әбу Махдилер және барлық шәһидтер еккен көшеттердің жемісін көріп жатыр",-деді.
Генерал-майор Салами: "Кеше Сақшылар корпусының баспасөз өкілі "әл-Ақса дауылы" операциясы қажы Қасымның кегін алу болды деп айтты. Бұл екі мәселе бір-бірінен бөлек екенін айтқым келеді. "Әл-Ақса дауылы" операциясы біздің қажы Қасымның кегін алуға бағытталған әрекетімізден бөлек. Қажы Қасымның кегін алу ерекше бір кеңістікте орындалады. Мұнда біздің қажы Қасым мен Әбу Махди әл-Мұхандесті өлтіруге бұйрық бергендер және оны орындағандармен ісіміз бар",-деді.
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Әл-Ақса дауылы" операциясы палестиналықтардың сионистік режимнің 75 жылдық басқыншылығы, қылмыстары, қырып-жоюына реакциясы болды",-деді.