Иранда сионистік режимнің төрт тыңшысы өлім жазасына кесілді
(last modified Fri, 29 Dec 2023 15:14:29 GMT )
Жел 29, 2023 21:14 Asia/Almaty
  • Иранда сионистік режимнің төрт тыңшысы өлім жазасына кесілді

Бүгін таңертең Иранның Батыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумие қаласында сионистік режимнің төрт тыңшысы өлім жазасына кесілді.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимге қатысы бар диверсиялық топтың бұл төрт мүшесі сионистік барлау агенттігі (Моссад) офицерлерінің басшылығымен Иранның қауіпсіздігіне қарсы ауқымды әрекеттер жасады.

Сот процесінен өткеннен кейін олар бүгін таңертең (жұма күні) дарға асылды.

Батыс Әзірбайжан облысының бас төрешісі: "24 қазанда сионистік режимге қатысы бар, негізгі әрекеттері сионистік режимге қарсы күрес саласында белсенді барлау күштерін анықтау болған 10 агент барлау қызметінің бақылауы арқылы тұтқындалды",- деп мәлімдеді. Насер Атбатидің хабарлауынша, бұл топтың мүшелері Моссад тыңшыларының тікелей басшылығымен Иранның қауіпсіздік департаменттерімен ынтымақтасатын күштерді анықтап, оларды ұрлап, қорқытып, ұрып-соғу арқылы олардан ақпарат алуды көздеген.

ИИР-ның қауіпсіздік мекемелеріне қатысы бар кейбір адамдардың көліктері мен үйлерін өртеу және олардың суреттерін Моссадқа жіберу, қауіпсіздік және барлау күштерін физикалық түрде жоюға және өлтіруге әрекеттену және оны жоспарлау осы топтың мүшелері басқа қылмыстар болып табылады. Осы іс бойынша сотталған 10 адамның негізгі төртеуі бүгін таңертең елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мақсатында сионистік режиммен барлау ынтымақтастығы арқылы жердегі соғыс қылмысы және жемқорлық қылмыстары үшін өлім жазасына кесілді. Осы іс бойынша басқа айыпталушылар да сионистік режиммен Иранның қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мақсатында байланыс жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.