Амир Абдуллахиан: Батыс елдері БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесін құрал ретінде пайдаланғанды қойсын
(last modified Sun, 31 Dec 2023 12:49:17 GMT )
Жел 31, 2023 18:49 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Батыс елдері БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесін құрал ретінде пайдаланғанды қойсын

Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні Батыстағы кейбір елдердің ИИР-дағы адам құқығының жағдайына қарсы уәждерінің құқықтық және ақлақлық негізі жоқтығын айтып, бұл елдерден БҰҰ Адам құқығы кеңесін құрал ретінде пайдаланғанды қоюын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан халықаралық адам құқықтарына қатысты өзгерістер мен ИИР-дың бұған қатысты ұстанымы талқыланған отырыста: "Батыстағы кейбір елдер Иранға қарсы қысымды арттыру үшін құрылған адам құқығы ұйымдары таңған механизмдердің еш заңды негіздемесі жоқ",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі осы отырыста Газада геноцидтің жалғасып жатқанына, Палестиналықтардың құқықтары соңғы 80 жыл бойы бұзылып келе жатқанына, АҚШ пен Батыс елдерінің сионистік режимнің басқыншылығы мен апартеидін жан-жақты қолдап отырғанына тоқталып: "Батыстағы кейбір елдердің ИИР-дағы адам құқығының жағдайына қарсы уәждерінің құқықтық және ақлақлық негізі жоқ",-деді.