Қалибаф: АҚШ – Газадағы соғысқа басты жауапты
(last modified Mon, 01 Jan 2024 16:06:34 GMT )
Қаң 01, 2024 22:06 Asia/Almaty
  • Қалибаф: АҚШ – Газадағы соғысқа басты жауапты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Йемен Ансаролла партиясының баспасөз өкілімен кездесуінде: "Егер АҚШ-тың қолдауы болмаса, сионистік режим "әл-Ақса дауылы" операциясының алғашқы соққысына төзе алмас еді",-деді.

Қалибаф Иранның дұшпанға төтеп беруде қарсыласу өзегі мен қарсыласу майданына қолдау көрсететінін айтып: "Біз АҚШ-ты ислам әлемінде туындаған қиыншылықтар мен алауыздық тудыратын тақырыптардың басында тұр деп санаймыз",-деді.

Йемен Ансаролла партиясының баспасөз өкілі йемендіктердің Палестина халқының қарсыласуын қолдайтынын айтып: "Бүгінде Йемен халқының ерік-жігері мен қаруы болып табылатын барлық әлеуеттерді мұсылмандардың мүддесіне жұмсаймыз",-деді.