АҚШ билігінің Сардар Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты жауапкершілігі қуатталды
(last modified Tue, 02 Jan 2024 13:29:24 GMT )
Қаң 02, 2024 19:29 Asia/Almaty
  • АҚШ билігінің Сардар Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты жауапкершілігі қуатталды

Генерал Қасым Сүлейманидің өлтірілуін құқықтық және халықаралық бақылау жөніндегі арнайы комитеттің басшысы Америка билігінің осыған байланысты жауапкершілігін қуаттады.

 

 

Аббас Әли Кадходаи кеше, дүйсенбі күні осы жоғары дәрежелі генералдың шәһид болған күнінің жылдығын еске алу және америкалық қылмыстың құқықтық өлшемдері мен соттық ізін қарастырған жиналыста: «Халықаралық және гуманитарлық стандарттарға сәйкес, шәһид Сардар Сүлеймани мен оның әріптестерінің әрекеттері заңды және халықаралық заңдар шеңберінде болды",- деді.

Америка үкіметінің шәһид Сүлейманидің өлтірілуі үшін жауап беруі керектігін атап көрсеткен Кадходаи: "Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы аймақ халқының қауіпсіздігі мен адам құқықтарын қорғау үшін өмірін құрбан етті",- деп мәлімдеді. Сардар Қасым Сүлейманидің өлтірілуіне байланысты арнайы құқықтық және халықаралық бақылау комитетінің басшысы: «Сыртқы істер және Теһранның әділет басқармасының ынтымақтастығымен іс заң және қылмыстық аспектілер бойынша тексеріліп, айыптау қорытындысы сотқа жіберілді",- деп айтты.