Ислам революциясының жетекшісі: Иранның негізгі стратегиясы жұмсақ күшке сүйену
https://itolqyn.com/news/iran-i74894-Ислам_революциясының_жетекшісі_Иранның_негізгі_стратегиясы_жұмсақ_күшке_сүйену
Аятолла Хаменеи бүгін таңертең Әһле Бәйттің (ғ.с.) мыңдаған мадақтаушылары мен діни ақындар жиналысында хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) ағартушылар жиһадының негізін қалаушы деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 03, 2024 18:15 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иранның негізгі стратегиясы жұмсақ күшке сүйену

Аятолла Хаменеи бүгін таңертең Әһле Бәйттің (ғ.с.) мыңдаған мадақтаушылары мен діни ақындар жиналысында хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) ағартушылар жиһадының негізін қалаушы деп атады.

 

 

Аятолла Хаменеи бүгін таңертең Әһле Бәйттің (ғ.с.) мыңдаған мадақтаушылары мен діни ақындар жиналысында хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) ағартушылар жиһадының негізін қалаушы деп атап: "Әһле Бәйттің  мадақтаушылары осы нұрлы дәстүр мен ұлы Фатиманың тағылымнан үлгі ала отырып, «жүректерді ояту және қозғалыс туғызу» және «дұрыс және дәл бағдарлау  негізгі парызы деп біліңдер. Сондықтан Америка барлық дамыған қару-жараққа қарамастан БАҚ, өнер, әдебиет және кино сияқты салаларға ең көп инвестиция салады",- деді.

Революция жетекшісі Американың Ауғанстаннан жанжалды қашып кетуіне және Ирак халқының  Ақ үйге деген терең жеккөрінішіне тоқталып, қатты күштің әсерін уақытша және жойылатын деп сипаттап: "Қатаң күш Американың осы екі елдегі болуын тұрақты және табысты ете алмады, бірақ жұмсақ күш Палестина халқы сияқты азшылықты құрайтын топты әлемнің назарына аудара алды, бұл Палестина халқының шыдамдылығы және тұрақтылығының арқасында",- деп мәлімдеді. Ол ислам ілімдерін, Құран логикасын және  Әһле Бәйттің білімі, азаптары мен тарихын  мадақтаушының негізгі мазмұнына жатқызып: " Бұл мазмұн халыққа ең жақсы тілмен және ең жақсы жолмен және жиһад тарихында болған сипаттармен ұсынылады деп күтілуде",- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам Республикасының жұмсақ күшке сүйенуін елдің соңғы 45 жылдағы басты стратегиясы деп атап: "Біз елдің қажеттіліктеріне сәйкес келетін және жаулардың мүмкіндіктеріне қарсы тиімді дамыған қару-жарақтың болуы  керек деп санаймыз, бірақ біз жұмсақ күш дегеніміз күшті  интеллектуалдық, тілдік және логикалық қарулар тиімдірек және оны кеңейту керек деп терең сенеміз",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі қозғалысты ояту және жасау қабілет  пен  дәл нысанаға алуды ағарту жұмыстың екі маңызды көрсеткіші ретінде қарастырып: "Ағарту жиһадында жүректерді қозғау және қозғалысты тудыру күшінен басқа, нысанаға алудағы дәлдік өте маңызды. Өйткені кейде, мысалы, Ислам әлемінің бірлікке мұқтаждық жағдайында бейқамдық келіспеушілік пен алауыздық туғызады",- деді.