Амирабдуллахиан: Сионистік режимнің лаңкестік машинасының басқа елдердегі зұлым әрекеті аймақ қауіпсіздігі үшін дабыл
https://itolqyn.com/news/iran-i74896-Амирабдуллахиан_Сионистік_режимнің_лаңкестік_машинасының_басқа_елдердегі_зұлым_әрекеті_аймақ_қауіпсіздігі_үшін_дабыл
ИИР Сыртқы істер министрі ХАМАС басшысының орынбасары мен әл-Қассам батальондарының екі қолбасшысының өлтірілуінен кейін сионистік режимнің лаңкестік машинасының басқа елдердегі зұлымдық әрекетін аймақ бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне шынайы қатер және елдің қауіпсіздігі үшін дабыл деп атады.
(last modified 2025-12-12T11:36:36+00:00 )
Қаң 03, 2024 18:47 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Сионистік режимнің лаңкестік машинасының басқа елдердегі зұлым әрекеті аймақ қауіпсіздігі үшін дабыл

ИИР Сыртқы істер министрі ХАМАС басшысының орынбасары мен әл-Қассам батальондарының екі қолбасшысының өлтірілуінен кейін сионистік режимнің лаңкестік машинасының басқа елдердегі зұлымдық әрекетін аймақ бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне шынайы қатер және елдің қауіпсіздігі үшін дабыл деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі ХАМАС басшысының орынбасары мен әл-Қассам батальондарының 2 қолбасшысының өлтірілуінен кейін сионистік режимнің лаңкестік машинасының басқа елдердегі зұлымдық әрекетін бейбітшілік пен қауіпсіздікке шынайы қатер   деп атады.

Осыған байланысты бүгін (сәрсенбі), 3 қаңтарда Хұсейн Амирабдуллахиан ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияға жолдаған жолдауында көңіл айтып, былай деді: "Шейх Салех Әл-Арури мырзаның және оның кейбір серіктерінің шәһид болуы ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы шейх Исмаил Хания мырзаға, осы азаттық қозғалысының мүшелеріне және қаһарман Палестина халқына көңіл айтамын. Мұндай қорқақ лаңкестік операциялар АҚШ тікелей қолдауына қарамастан, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше апта бойы соғыс қылмыстары, геноцид және қираулардан кейін сионистік режимнің ешбір мақсатына жете алмағанын дәлелдейді".