Раиси: Мұндай қорқау әрекеттер исламдық мақсат-мұраттарға жетуге кедергі бола алмайды
(last modified Thu, 04 Jan 2024 13:19:44 GMT )
Қаң 04, 2024 19:19 Asia/Almaty
  • Раиси: Мұндай қорқау әрекеттер исламдық мақсат-мұраттарға жетуге кедергі бола алмайды

Иран Президенті өз жолдауында шәһид Қасым Сүлейманиды еске алу рәсімімен бір мезгілде Керманның шәһидтер зиратына барар жолда болған лаңкестік қылмысты қатаң айыптап, мұны иранофобтардың сұрқия әрекеті деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жауапты басшыларға осы оқиғада жараланғандарға көмектесу міндетін жүктеп, осы қылмысты жасағандарды және бұйрық бергендерді шұғыл түрде анықтап, қолға түсіруді тапсырды.

Иран Президенті хатында: "Иранофоб қылмыскерлер мен терроршылар Ислам пайғамбарының қызы хазірет Фатиманың(с.) туған күнімен бір мезгілде және лаңкестікпен күрескен шәһид Қасым Сүлейманиды еске алу рәсімімен бір мезгілде антигуманистік әрекет жасап, ауыр қылмысқа барды. Соның салдарынан аталмыш рәсімге қатысқан көптеген адам, соның ішінде жазықсыз әйелдер мен балалар шәһид болып, жараланды",-делінген.

Раиси: "Иранның қауіпсіздік және тәртіп күштері жуырда осы қылмысқа жауаптыларды ұстап, жазасын беретіні күмәнсіз. Дұшпандар мұндай әрекеттердің ешқашан Иран халқының исламдық мақсат-мұраттарды қорғаудағы табандылығы мен темірдей ерік-жігеріне сызат түсіре алмайтынын білуі керек. Олар дұшпанға қарсы күрес алаңында террор мен қатыгездіктің тамырын жойғанға дейін және исламдық Иранның абырой-айбынын асқақтату үшін бұрыннан да белсендірек әрекет етеді",-деді.