Иран Барлау министрлігінің Кермандағы лаңкестік қылмысқа қатысты мәлімдемесі: Лаңкестердің бірінің азаматтығы белгілі болды
Иранның Барлау министрлігі Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік қылмысы туралы хабарламада лаңкестердің бірінің азаматтығын жариялады.
IRNA-ның хабарлауы бойынша, Иранның Барлау министрлігінің қоғаммен байланыстары бөлімі жұма күні кешке Кермандағы лаңкестік оқиғаға байланысты хабарлап, осы қылмысты айыптап, Иран азаматтарының шәһид болуына өкініш білдіріп және көңіл айтып, Иранның қауіпсіздік күштері бақылау және барлау жұмыстарына сілтеме жасап: "Қайтыс болған екі лаңкестің біреуі Тәжікстан азаматы болса, екінші лаңкестің кім екені әлі нақты анықталған жоқ",- деді.
Иранның Барлау министрлігінің қоғаммен байланыстары бөлімінің мәлімдемесінің жалғасында Керман қаласының шетінде өлген екі лаңкестің пайдаланған тұрғын үйінің анықталғанын және аталған үйде 2 қолдау элементі мен жеткізушісі анықталып, ұсталғанына назар аудара отырып, былай делінген: " Операцияның жалғасуында елдің 6 провинциясында лаңкестік топ пен оның серіктестерін қолдау желісінен 9 адам анықталып, қамауға алынды".