Кермандағы лаңкестік шабуылдан жараланғандардың саны 59 адамға азайды
https://itolqyn.com/news/iran-i75004-Кермандағы_лаңкестік_шабуылдан_жараланғандардың_саны_59_адамға_азайды
Керман жедел жәрдем басқармасының басшысы осы қалада болған лаңкестік жарылыстан жараланып, ауруханаға түскендер саны 59 адамға азайғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 08, 2024 12:56 Asia/Almaty
  • Кермандағы лаңкестік шабуылдан жараланғандардың саны 59 адамға азайды

Керман жедел жәрдем басқармасының басшысы осы қалада болған лаңкестік жарылыстан жараланып, ауруханаға түскендер саны 59 адамға азайғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, доктор сейіт Мұхаммед Сабери жексенбі күні кешке жараланғандардың Керманның 10 ауруханасында емделіп жатқанын айтып: «Олардың 24-і арнайы күтім бөлімінде, 35-і басқа бөлімдерге жатқызылған»,-деді.

Керман жедел жәрдем басқармасының басшысы: «Арнайы күтім бөлімінде жатқандардың 9-ы аппаратқа қосылған. 15-і ICU-де бақылауда»,-деді.  

Иран Президенті Ибраһим Раиси жексенбі күні үкімет жиналысында Кермандағы лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеп, жауапты басшылардан шәһидтердің жанұяларына қатысты істерді қадағалауды тапсырды.

Осы лаңкестік оқиға құрбандарының саны 84 адам деп жарияланды.