Сардар Сүлеймани Иранның аймақтағы стратегиялық орнын жоғарылатты
https://itolqyn.com/news/iran-i75006-Сардар_Сүлеймани_Иранның_аймақтағы_стратегиялық_орнын_жоғарылатты
Иранның Жоғары сот төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Сардар Сүлеймани Иранның аймақтағы стратегиялық орнын жоғарылатты»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 08, 2024 12:57 Asia/Almaty

Иранның Жоғары сот төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Сардар Сүлеймани Иранның аймақтағы стратегиялық орнын жоғарылатты»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади жексенбі күні «Майдан адамы – адам құқығын қорғаушы» атты форумда: «Сардар Сүлеймани аймақта бір ірі стратег болды. Қарсыласу өзегі осы шәһидтің талпыныстарына қарыздар»,-деді.

Иранның Жоғары сот төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары сардар Сүлейманидың Иран мен аймақ және Әһл-е бейтті қорғауға көп еңбек сіңіргенін айтып: «АҚШ-тың сардар Сүлейманиге террор жасау – БҰҰ-ның жарғысындағы қағидаларды түгел бұзу»,-деді.

Казем Ғарибабади: «Иракта сардар Сүлейманиге жасалған террор ісі зерттеліп жатыр. ИИР бұл істің жылдамырақ аяқталып, тиісті арыз халықаралық сотқа беріліп, тезірек үкім шығарылуын қалайды»,-деді.