Иран Президенті: ДАИШ сионистер сияқты жазықсыз адамдарды өлтіруді көздейді
(last modified Tue, 09 Jan 2024 10:32:20 GMT )
Қаң 09, 2024 16:32 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: ДАИШ сионистер сияқты жазықсыз адамдарды өлтіруді көздейді

ИИР Президенті Тәжікстан Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесуінде: «Америка мен сионистік режимнің қолдауына ие болған ДАИШ тәкфиршіл тобы Газадағы сионистер сияқты бейкүнә әйелдер мен балаларды өлтіруді көздейді»,- деді.

 

 

Раиси Тәжікстан Ұлттық мәжілісінің төрағасы Рустам Эмомалимен  кездесуінде Теһран-Душанбе қарым-қатынасының соңғы 2 жылдағы дамуын қолайлы деп бағалап, екі ел арасындағы парламенттік ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізі екенін айта келе, мәдени қарым-қатынастарды нығайту мен ілгерілетуге ерекше тоқталды.

Иран Президенті сондай-ақ  терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткімен күресуді Иран мен Тәжікстан ынтымақтастығы талаптарының бірі деп атады. Сонымен қатар Ауғанстанның көршілері ретінде екі елдің ортақ мәселелеріне тоқталып, аймақтағы барлық елдердің лаңкестік қозғалыстармен, соның ішінде ДАИШ-пен белсенді күресу қажеттігін қуаттап: «Америка мен сионистік режимнің қолдауына ие болған бұл тәкфиршіл топ Газадағы сионистер сияқты  жазықсыз әйелдер мен балаларды өлтіруді көздейді»,- деді.