Теһран Ұлыбританияның Иранды айыптауына жауап қайтарды
(last modified Tue, 16 Jan 2024 13:16:55 GMT )
Қаң 16, 2024 19:16 Asia/Almaty
  • Теһран Ұлыбританияның Иранды айыптауына жауап қайтарды

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ұлыбритания қайраткерлерінің Иранға қарсы ұстанымдарын айыптады.

 

 

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон бұл елдегі ішкі наразылықтарға себеп болған Йеменге қарсы әскери агрессиясын заңды деп атап, аймақтық қарсыласу топтарының операцияларындағы Иранның рөлі туралы мәлімдемелерді қайталай отырып, ол бұл әрекетті Теһранға  проксиің  шектеу туралы жанама жолдау деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи» кеше, дүйсенбі Дэвид Кэмеронның Иранға қарсы негізсіз мәлімдемелерді қатаң айыптап: «Америка мен Ұлыбританияның Йеменге қарсы әскери шабуылы тәуелсіз елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді және Құдсты басып алушы режимді көбірек соғыс қылмыстары жасауға ынталандырудан және аймақтағы шиеленіс ауқымын кеңейтуден басқа нәтижеге әкелмейді",- деді.