"Велаят аспанын қорғаушылар-1402" атты әскери жаттығуда бірінші рет "9 дей" жүйесі сыналды
Иран армиясы мен Сақшылар корпусы әуе күштерінің "Велаят аспанын қорғаушылар-1402" атты ортақ әскери жаттығуының баспасөз өкілі: "Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қысқа қашықтық пен төмен биіктікке арналған "9 дей" әуе қорғаныс жүйесі аталмыш әскери жаттығуда елдің біртұтас әуе қорғаныс желісі белгіленген объектілерді сәтті анықтап, жойып жіберді",-деді.
Бригада генералы Фараджпур: "Электроникалық және кибер шабуылдардан қорғану және жергілікті жүйелердің күш-қабілетін арттыру – осы әскери жаттығудағы жетістіктердің бірі. Өйткені Иран армиясы мен Сақшылар корпусының әуе қорғаныс жүйелері осы жаттығуда электроникалық соғыс жағдайында болуы ықтимал жау объектілеріне қарсы күресті",-деді.