Иранның мұнай табысы 34 миллиард долларға жетті
(last modified Sat, 20 Jan 2024 15:33:56 GMT )
Қаң 20, 2024 21:33 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай табысы 34 миллиард долларға жетті

АҚХА АҚШ-тың қатыгез санкцияларының жалғасуына қарамастан Иранның 2023 жылдың 9 айында мұнай табысының 34 миллиард доллар болғанын жариялады.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚХА өз есебінде Иранның 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында мұнайдан түскен жалпы кірісін 33 миллиард 900 миллион доллар деп бағалады.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Иранның мұнай табысы ОПЕК-тің осы кезеңдегі жалпы кірісінің 12%-ына тең болды.

2023 жылдың 9 айында Иранның әлемдік нарықта 34 миллиард доллар мұнай сатуы, сонымен бірге АҚШ-тың Иранға қарсы қатыгездік санкциялары мен Американың демократиялық үкіметіндегі "максималды қысым" деп аталатын саясаты жалғасуда.

Иранның 2023 жылдың 9 айында мұнай сатудан түскен 34 миллиард долларлық мұнай табысы 2020 жылдың 12 айында Иранның мұнай табысынан екі есе көп болды.

АҚШ Энергетика министрлігінің есептеулері бойынша, Иран 2020 жылы небәрі 17 миллиард доллар, 2021 жылы 37 миллиард доллар сатты.

2022 жылы Иранның мұнай сатудан түскен жалпы табысы 54 миллиард долларға жетті.

АҚХА ОПЕК-ке мүше 13 елдің 2023 жылдың 9 айында мұнайдан түскен жалпы кірісін 281 миллиард 200 миллион долларға есептеді.