Амирабдуллахиан  Боррельге ескерту жасады
(last modified Fri, 02 Feb 2024 11:06:01 GMT )
Ақп 02, 2024 17:06 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан  Боррельге ескерту жасады

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Жозеп Боррель (бейсенбі) телефон арқылы Иран Ислам Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайын, сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылады.

 

Амирабдуллахиан бұл сұхбатта Газадағы оқиғаларға сілтеме жасай отырып, сионистік режимнің Палестина халқын өлтіру мен қырғынға ұшыратудағы соғыс қылмыстарын тоқтату қажеттігін қуаттап, оны бүкіл аймақтағы дағдарысты тоқтату жолындағы іргелі қадам деп атады. Ол: «АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылына ұқсас кез келген коалиция және әрекеттер аймақтағы тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектеспейді, керісінше одан да күрделі шиеленіске әкеледі. Иран барлық тараптарға дағдарыстың негізгі тамырына назар аудара отырып, дереу, тиімді және тұрақты әрекет етуге кеңес береді, өйткені дағдарыстың тамыры басқыншылықта жатыр»,- деді.