Ақп 02, 2024 17:16 Asia/Almaty
  •  Иран Сыртқы істер министрі ХАМАС саяси бюросының басшысы және Палестина Исламдық жиһады қозғалысының бас хатшысымен сұхбаттасты

Хұсейн Амирабдуллахиан Исмаил Ханиемен сұхбатында сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарын дереу тоқтатуды бүкіл аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнатудың кілті деп атады.

 

 

Амирабдуллахиан: «Тек Палестина халқы ғана осы жердің бастапқы иесі ретінде өзінің тағдыры мен болашағын шешуге құқылы және оған ешбір тарап өз еркі мен саяси жоспарларын таңа алмайды»,- деп баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Зиад Нахалемен сұхбатында Палестина халқы мен қарсыласу топтарының соңғы 4 айдағы тұрақтылығын бүкіл Ислам әлемінің мақтанышы деп атады.

Қарсыласу топтарының жетекшілері осы жеке келіссөздерде атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу үшін ұсынылған жоспарлар мен саяси бастамалар туралы баяндама жасай отырып: «Қарсыласу топтары бірлігі мен ынтымағын сақтай отырып, Палестина ұлтының жоғары мүдделерін орындаған жағдайда ғана ұсынылған бастамаларға назар аударады»,- деді.

 

Тегтер