Раиси: Жетістіктерді айтып үміт тудырайық
Раиси: "Жетістіктерді айтып үміт тудырайық. Дұшпандар кемшіліктерді әсірелеп көрсетіп жатыр",-деді.
Иран Президенті: "Соғыс та, Мұнафықтар да, қоқан-лоқылар да, санкциялар да Иран халқының дамуын тоқтата алмады. Бұл даму пойызы әрдайым алға қозғалып келеді. Ешқашан тоқтаған емес",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси "Даму жолы" атты ұлттық конференцияда түрлі елдер басшыларының шектеулерге қарамастан Иранның дамығанына таңғалғанын айтып: "Қоқан-лоқыларға қарамастан еліміздің дамығаны сондай, дұшпан санкциялардың ИИР-ды тоқтата алмайтынын мойындады",-деді.
Иран Президенті: "Бұл өзгерістер Ислам революциясының арқасында орын алды. Имам Хомейни (р.) көтерген ту мен бастаған реформалары дұшпанның қалауына керісінше күн өткен сайын өрлей түсті. Жетістіктердің маңызды болғаны сондай, дұшпан ИИР-ға барынша қысымның әсерсіз болғанын ресми түрде мәлімдеді",-деді.
Раиси: "Ислам революциясының жеңісінен кейін қарсыласу басқа сипат алып, өзгерді. Тіпті Палестинаның бүкіл халқы дұшпанға қарсы тұруға бел байлады. Таспен соғыс, бірінші, екінші және үшінші интифаза зымырандық соғысқа ұласты",-деді.
Раиси: "Сионистік режим алдында қарсыласу күштерінің жағдайы өзгерді. Бұрын келіссөздер үстелі басына отырып, түрлі келісімшарттарға қол қойса да, карсы тарап ешбірін орындамайтын",-деді.