Ақп 05, 2024 18:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жеңіске жеткелі бері Иранда 58 мыңнан аса ауыл электрленді

Ислам революциясы жеңіске жеткен кезде Иранда 1367 ауылға электр желісі тартылған болатын, ал биылғы Фаджр онкүндігінде 58 769 ауылға жетіп, ауыл тұрғындарының 99,8 пайызы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның "Таванир" электр қуатын өндіру, тасымалдау және тарату компаниясы жексенбі күні берген есебінде 1979 жылы елде электрленген ауылдар санын 1367 деп жариялап, 2023 жылы 58769 ауылға электр желісі тартылғанын, қазір ауыл тұрғындарының 99,8 пайызының электр қуатын пайдаланып отырғанын айтты.

Осы есепке сәйкес, Иранда ауылдарды электрлендірудің 2021 жылғы орташа жылдық көрсеткіші 1979 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға тең болды.

Тегтер