Теһран – Хартум екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге дайын екендіктерін мәлімдеді
(last modified Tue, 06 Feb 2024 11:04:17 GMT )
Ақп 06, 2024 17:04 Asia/Almaty
  • Теһран – Хартум екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге дайын екендіктерін мәлімдеді

Судан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының Иран президентімен кездесуінде саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды ілгерілету, елшілер алмасу және Теһран мен Хартумдағы елшіліктерді өзара қайта ашу мәселелері талқыланды.

 

Раиси аймақтағы соңғы оқиғаларға тоқталып, елдерді сионистік режимнен алшақтатуды ИИР-ның негізгі саясаттарының бірі деп атап: «Сионистік режим әрқашан фитна және қастандық жасау арқылы мұсылмандардың қозғалысын бұзуға тырысты»,- деді.

Судан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли әл-Садеқ Әли де Иранның халықаралық форумдардағы Судан халқына саяси қолдау көрсетуін жоғары бағалап, елінің Иранмен экономикалық және сауда әріптестіктерін арттыруға дайын екенін қуаттады.

 

Тегтер