Ислам революциясының жетекшісі: Газа трагедиясы – адамзаттың қасіреті
(last modified Thu, 08 Feb 2024 17:40:09 GMT )
Ақп 08, 2024 23:40 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Газа трагедиясы – адамзаттың қасіреті

Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) пайғамбарлық миссиясы басталған Беғсат күніне орай Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иран үкіметінің жауапты басшылары мен қызметкерлері, ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесті.

Беғсат күніне орай Ислам революциясының жетекшісі Иран үкіметінің жауапты басшылары мен қызметкерлері, ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесуінде пайғамбардың шақыруын қабылдаудың осы дүние мен ақыретте бақытқа жетуге себеп болатынын айтып, Газадағы ащы оқиға мен сионистік режимнің қылмыстарына тоқталып: "Газа трагедиясы – адамзаттың қасіреті. Бұл қазіргі әлемдік тәртіптің мүлдем жарамсыз да тұрақсыз екенін, сондықтан жойылатынын көрсетеді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде Иран халқы мен барша мұсылманды Беғсат күнімен құттықтап, бұл мерекені адамзат тарихындағы ең ұлы әрі қасиетті оқиға деп атап: "Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) пайғамбарлық миссиясын алғаннан кейін адамзат баласына бұл дүние мен ақыретте бақытқа жетудің толық, соңғы және мәңгілік нұсқасы ұсынылды",-деді.

Аятолла Хаменеи зұлымдық пен жәһілдік жайлаған ортада және сол замандағы барлық ірі өркениеттер бұрмаланып, жойылу белгілері байқалған кезде Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа таңдалуын таңғажайып оқиғалардың бірі деп атап: "Пайғамбарлық миссиясы материалдық дүниенің тар шеңберіне қамалған адамзат баласын ғайып әлемімен байланыстыру жолын ашу болды. Адамдардың бойынан жағымыз мінез-құлықтарды жою арқылы жүректі тазартып, иман келтіруді басты басымдық деп көрсетті",-деді.  

Аятолла Хаменеи қазіргі әлемде зұлымдық пен әділетсіздік жайлағанын айтып, осы жағдайдан шығып, халықтың өмірін жақсарту үшін пайғамбардың шақыруын қабылдап, оның тағылымдарын ұстану керегін айтып: "Біздің міндетіміз – өз-өзімізді қалыптастыру және исламдық үлгіде ел басқаруды көрсету. Бұл салада әлемге әсер еткен жетістіктерге жеттік. Бірақ сәтсіздіктеріміз де бар",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі баяндаманың басқа бір бөлігінде Газаның дағдарысы жалғасып жатқанына тоқталып, мұны ислам әлемінің ғана емес, барша адамзаттың қиындығы, қазіргі әлемдік жүйенің түйткілі деп атап: "Қазіргі таңда АҚШ, Ұлыбритания мен басқа да еуропалық елдердің көбі қылмыскер сионистік режимнің қанды қолының артында тұр. Осыдан-ақ қазіргі әлемдік тәртіптің мүлдем жарамсыз да тұрақсыз екенін, жуырда жойылатынын көруге болады",-деді.

Аятолла Хаменеи Газада ауруханаларға шабуыл жасап, 30 мыңға жуық адамды өлтіруді Батыстың мәдениеті мен өркениетінің құлдырау белгісі деп атап: "Осы қылмыстардың артында АҚШ-тың ақшасы, қару-жарағы мен саяси көмектері тұр. Сионистердің өздері мойындағандай, америкалық қару-жарақсыз соғысты бір күн де жалғастыра алмас еді. Сондықтан америкалықтар – осы ащы оқиғаларға жауапты қылмыскер",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Газа дағдарысын шешу жолын Израильге жақтасатын әлемдік алпауыттардың осы оқиғадан шығуы деп атап: "Палестиналық күштердің өздері күресті басқара алады. Олар бүгінге дейін соғыс алаңын басқарып, сионистерге ауыр соққы берді",-деді.

Аятолла Хаменеи әлем елдерінің сионистік режимге саяси, жарнамалық және қару-жарақпен көмектесуді, қажет тауарларды жіберуді қою керегін айтып: "Халықтардың міндеті – ұлы мақсатты орындау үшін өз үкіметтеріне қысым жасау",-деп еске салды.

Тегтер