Эжеи: Ислам революциясы әлемге сый болды
(last modified Sun, 11 Feb 2024 16:30:17 GMT )
Ақп 11, 2024 22:30 Asia/Almaty
  •  Эжеи: Ислам революциясы әлемге сый болды

Иранның Сот билігінің басшысы Исфахан халқының алдында былай деді: "Бұл революция Алланың сыйы. Бұл революция Иран үшін ғана емес, әлем үшін сый болды".

                                                                                                                  

 

Иранның Сот билігінің басшысы Эжеи Исфахандағы Имам (р.а.) тарихи алаңында өткен Ислам революциясы жеңісінің 45 жылдығына арналған салтанатты рәсімде: «Бұл революция Иранды тәуелсіз етіп, Иранға ұлылық сыйлады және халыққа мақтаныш пен бостандық сыйлады және елдің әр түкпірінен келген шетелдіктердің қолын кесті",- деп баса айтты.

Эжеи: "Революцияға дейін әлем екі полюс, батыс пен шығыс құрылған бағытпен жүріп жатты. Екі жаһандық полюстің сыртына шығуды қалайтын кез келген елге тосқауыл қойылды. Гуманизмге негізделген бұл полюстер тәуелсіз және азат елдердің құрылуын қаламады.  Олар дүниежүзі елдерінің не шығысқа, не батысқа тәуелді болатындай етіп өз бақылауында ұстағысы келді.  Өйткені, олар озық және өзіне сенімді елдердің қалыптасуына шыдауға дайын емес еді",- деп мәлімдеді.

Иранның Сот билігінің басшысы сөзінің жалғасында: "Исфаханның шәһид және революцияшыл халқы мен осы қаланың ғұламалары имам қозғалысының басынан революция жеңісіне дейін және революциядан кейін сегіз жыл қасиетті қорғаныста және бүгінгі күнге дейін революцияның мақсаттарына жетуде жетекші болды.  Бұл қаланың халқы Тағут билігі кезінде Имамға (р.а.) және басшылары бұл жүйенің орнығуына көмектесті, соғыс кезінде біз Исфахан халқының отаның қорғауға ағылғанына куә болдық",- деді.