Раиси Қытай халқы мен үкіметін Жаңа жылымен құттықтады
(last modified Tue, 13 Feb 2024 11:45:01 GMT )
Ақп 13, 2024 17:45 Asia/Almaty
  • Раиси Қытай халқы мен үкіметін  Жаңа жылымен құттықтады

Иран Ислам Республикасының Президенті қытай тіліндегі жолдауында осы елдің халқы мен үкіметін Қытай Жаңа жылымен құттықтады.

 

 
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Ибрахим Раиси жексенбі күні кешке Қытайдың Жаңа жылының келуіне байланысты жолдауында «Иран мен Қытайдың өркениетті елдері үшін жаңа мотивацияларға толы жыл болуын» тіледі.

Қытай тілінде және өзінің X әлеуметтік желісіндегі қолданушы аккаунтында  жарияланған президенттің жолдауында: «Мен Қытай  Халық Республикасының халқы мен үкіметін көктем мерекесімен және Қытайдың Жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймын. Екі халық үшін де жаңа мотивациялар мен өркениетті Иран мен Қытай, әсіресе екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуын тілеймін. Жаңа жылдың көктемінің келуімен әсіресе езілген және қуатты Палестина халқы үшін әділдікке толы әлемнің куәсі болайық",- деп айтылды.

Жексенбі күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин ирандық әріптесін Ислам революциясының жеңісінің 45 жылдығымен құттықтады. Си Цзиньпин 13-ші үкіметте екі ел арасындағы қарым-қатынастардың керемет дамуына және Теһран мен Бейжіңнің екі жақты алмасулар мен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықта жаңа өзгерістерге қол жеткізудегі белсенді үйлестіруіне ризалығын білдіре отырып, ортақ күш-жігермен жан-жақты стратегиялық мәселелердің нығаюына үміт білдірді.  

Тегтер