Ақп 15, 2024 21:38 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық сақтау министрі 740-тан аса өнімнің коммерцияланғанын хабарлады

Иранның Денсаулық сақтау министрі: "Елде 15 ғылыми-технологиялық парк, 114 даму орталығы, 14 инновациялық орталық мен іргелі ғылымға негізделген 1444 компания бар. Бұл компаниялар денсаулық сақтауға қажетті 5098 өнім шығарады. Олардың 1303-і азық-түлік және дәрі-дәрмек ретінде рұқсат алды. 740 өнім коммерцияланды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, доктор Бахрам Эйнуллахи іргелі ғылым негізделген өнеркәсіпке қатысты төртінші форумда: "Еліміздің медицина саласында 2500 ғалым жұмыс істеп жатыр. Өткен бір жылда осы салада 335 жаңа инновациялық өнертабыс тіркелді",-деді.  

Доктор Бахрам Эйнуллахи: "Іргелі ғылымға негізделген 1444 компанияның 45 пайызы дәрі-дәрмек, вакцина және белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндірумен айналысады, 40 пайызы медициналық жабдықтар шығарады, 15 пайызы қоспалар, тағамдық және фармацевтикалық өнімдер саласында жұмыс істейді",-деді.

 

Тегтер