Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері Израильдің Газадағы қылмыстарын тоқтатуды қуаттады
ИИР мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын тоқтату қажеттігін қуаттады.
ИРНА-ның жұма күнгі хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Фейсал бин Фархан бин Абдулламен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина халқына қарсы қылмыстарының жалғасуы мен 1 миллионнан астам адамның босқынға айналуына тоқталды. Палестиналықтардың бұл қауіптер мен алаңдаушылықтармен күресу қажеттігін баса айтты.
Амирабдуллахиан: "Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында көріп отырғанымыз Американың толық қолдауымен жасалып жатыр",- деді. Иран Сыртқы істер министрі Теһранның соғысты шешім ретінде көрмейтінін атап: «Егер дереу саяси шешім болмаса, Израиль режимінің геноцидінің жалғасуының аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына кері әсерлері сөзсіз",- деп айтты.
Осы кездесудің жалғасында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Израиль премьер-министрінің соғысты тоқтату туралы халықаралық талаптарға немқұрайлы қарауын сынады.