Ақп 18, 2024 19:19 Asia/Almaty
  • Мықты тұстарды күшейту және әлсіз тұстарды жою үшін өзіне қарау және дұшпанға қырағы болу – екі маңызды да түбегейлі міндет

Ислам революциясының жетекшісі үстемшілдер майданының Ирандағы сайлауға қарсы екенін айтып: "Сайлау жүйенің республика сипатында екенін көрсетеді. Сол себепті республикаға да, исламға да қарсы АҚШ пен басқа да үстемшіл алпауыттар сайлауға және халықтың сайлау учаскелеріне көптеп баруына қарсы",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін таңертең Шығыс Әзірбайжан облысының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде мықты тұстарды күшейту және әлсіз тұстарды жою үшін өзіне қарау және дұшпанға қырағы болуды екі маңызды да түбегейлі міндет деп атап, ұлттық бірлікті сақтап, қиындықтарды шешу және істерді түзету жолы ретіндегі 11 есфанд сайлауын өткізудің маңызына тоқталып, барша халықты осы ұлттық маңызы бар оқиғаға белсене қатысуға шақырып, білікті үміткерді таңдау, сайлауды дұрыс өткізу және сайлауда заң бұзушылыққа жол бермеуге қатысты маңызды жайттарды санамалап өтті.  

Ислам революциясының жетекшісі үстемшілдер майданының Ирандағы сайлауға қарсы екенін айтып: "Сайлау жүйенің республика сипатында екенін көрсетеді. Сол себепті республикаға да, исламға да қарсы АҚШ пен басқа да үстемшіл алпауыттар сайлауға және халықтың сайлау учаскелеріне көптеп баруына қарсы",-деді.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың бұрынғы басшыларының бірінің Иран халқын өткен сайлаулардың біріне қатыспауға шақырғанына тоқталып: "Бұл президент өзі білмей, Иранға көмектесті. Өйткені халық оған қырсыққаннан сайлауға бұрыннан да белсендірек қатысты. Сол себепті америкалықтар бұлай сөйлемейтін болды. Бірақ басқа тәсілдермен халықтың сайлауға деген қызығушылығын төмендетуге тырысып жатыр",-деді.

Аятолла Хаменеи дұрыс таңдау керегін баса айтып: "Эксперттер кеңесінің сүзгісінен өткен барлық адамдар білікті болып саналады, бірақ ақылға салып саралап, солардың арасынан біліктірегін таңдауымыз керек. Дұрыс үміткерді тану үшін халық шамасы келгенше тексерсін. Егер тексере алмаса, сенетін адамдарының пікіріне сүйенсін",-деді. Аятолла Хаменеи жауапты басшыларға сайлауды дұрыс өткізу керегін айтып: "Әрине осы бірнеше айда дұшпан айтқандай сайлауға қатысты заң бұзушылықтар байқалмады. Олардың бұл уәждері негізсіз. Кейбір талаптарға сәйкес тексеріс жүргізіліп, кейбір заң бұзушылықтар анықталды. Бірақ ешқашан бұл заң бұзушылықтар жалпы нәтижеге әсер еткен жоқ. Елде сайлау қашанда дұрыс әрі қауіпсіз кеңістікте өтті",-деді.   

Аятолла Хаменеи Иранның түкпір-түкпірінде өткен шерудің қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерге алғыс айтып, халықтың мағыналы шеруінің жауапты басшыларға стимул бергенін айтып: "Ұлттық белсендік қоғам, халық пен биліктің тамырларына таза қан жүгіртті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі түрлі оқиғалар, қастандықтар мен шиеленістерге толы 45 жылдық ғұмырында революцияның дамып, нығая түскенін айтып: "Революция ұлт пен жүйе мағынасында ауыр сынақтардан өтіп, мықтырақ, айбындырақ әрі ықпалдарық бола түсті. Біз қазір негізгі міндетінімізді дер кезінде түсініп, уақытында әрекет етуіміз керек",-деді.

Аятолла Хаменеи "өзіне қарау және дұшпанға қырағы болуды" әрбір адамның екі түбегейлі міндеті деп атап: "Біз өзімізге де, жауымызға да дұрыс баға беруіміз керек. Ал бұл парызға немқұрайлы қарау үлкен қателік болмақ",-деді.

Тегтер