Иран Қорғаныс министрлігінің технологиялық көмегімен 2000-нан астам өнім өндірілуде
(last modified Wed, 21 Feb 2024 13:06:47 GMT )
Ақп 21, 2024 19:06 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрлігінің технологиялық көмегімен 2000-нан астам өнім өндірілуде

Иран Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі: «Жеке сектордың қолдауымен Қорғаныс министрлігінің көмегімен және Иран қарулы күштерінің қолдауымен 2000-нан астам қорғаныс өнімдерін өндіру жүзеге асырылды",- деді.

 

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы  Реза Талаиник: «Соңғы 11 айда Қорғаныс министрлігі ғылыми жобаларының 83 пайызын аяқтады, оның 41 пайызы өндірістік циклге өтті, ондаған қорғаныс жүйесі мен өнімдер де индустрияландыру циклінде",- деп айтты. Иранның Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілінің айтуынша, 1200 білімге негізделген компанияның қатысуымен жүргізілген ғылыми-зерттеу және технологиялық жобалардың 64 пайыздан астамы жүзеге асырылу сатысына жетіп, жасанды интеллект және дамып келе жатқан жүйелер біртіндеп іске қосылады.